Мазмұнға өту

Жан Калас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жан Калас
фр. Jean Calas
Сурет
Туған күні

19 наурыз 1698 (1698-03-19)

Туған жері

Лакабаред

Қайтыс болған күні

10 наурыз 1762 (1762-03-10) (63 жас)

Қайтыс болған жері

Тулуза

Ұлты

Француз

Қызметі

Саудагер

Балалары

Луи, Марк-Антуан

Жан Калас (фр. Jean Calas; 19 наурыз 1698 жыл10 наурыз 1762 жыл) — Францияның Тулуза қаласында өмір сүрген саудагер, кінәсіз айыпталғанына наразылық білдірсе де, ұлын өлтірді деген қылмыспен сотталып, ауыр азапталып, соңында өлім жазасына кесілгені үшін белгілі тұлға. Калас ресми католиктік қоғамындағы протестант болды. Оның қылмысына католик шіркеуі күмән келтіріп, қарсылық танытады және ол 1764 жылы ақталды. Францияда ол Франсуа-Жан де ла Барре және Пьер-Поль Сирвен қатарлылармен бірге діни толерантсыздықтың символды құрбаны болды.

Каластың сотталуы

Оқиғаның артқы көрінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Калас әйелімен бірге протестант болған. Франция ол кезде католиктік ел болды; Католицизм мемлекеттік дін ретінде қабылданды, бірақ жеке адамдардың әртүрлі діндерді ұстануына заңды құқығы жоқ болды. Король XIV Луи бастаған протестантизмді қатал жаныштаулар сәл саябырсып, протестанттарға сәлде болса төзімділік танытылған кез еді. Каластың ұлдарының бірі Луи 1756 жылы католицизмді қабылдайды.

Марк-Антуан Каластың өлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
"Каластың Тулузеде дөңгелекке байлап, денесін үзіп өлтірілуі. 10 наурыз 1762 жыл."
Калас сарайы

1761 жылы 13–14 қазанда Каластың тағы бір ұлы Марк-Антуан (Marc-Antoine) өз үйінің бірінші қабатында өлі күйде табылады. Қауесет бойынша Жан Калас ұлын католицизмді қабылдамақ болғаны үшін өлтірген деген өсек таралады. Алғашқы жауап алу кезінде отбасысы Марк-Антуанды қанішер өлтірген деп мәлімдейді. Сосын олар Марк-Антуанның асылған күйде өлі табылғанын мәлімдейді. Ол кезде суицид өзіне қарсы жасалатын ауыр қылмыс болып саналғандықтан, өз-өзіне қол жұмсағандардың өлі денелерін арулап жерлемейтіндіктен, олар ұлының өз-өзін өлтіруін қанішердің кісі өлтіруі секілді етіп түсіндіруге тырысқан көрінеді.[1]

Айғақ және жазасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жан Калас ұлының өлімін суицид деп мәлімдегеніне қарамастан, Каластың католиктік губернаторы Жанна Виньердің куәлік етуіне қарамастан, Тулузадағы сот Жан Каласты өз ұлын өлтірді деп шешеді. Калас сотталып, кінәлі деп танылған соң азаптау жазасына кесіледі. Ол шіркеу алаңындағы крестке байланып, аяқ-қолдарын екі рет темір таяқпен ұрып сындырылады. Оның қолдары мен аяқтары денесінен жұлынғанша тартылады. Өңешіне 17 литрден астам азаптау суы құйылады. Осыншама азаптауларға қарамастан ол өзінің кінәсіздігін жариялаудан танбайды.[2]

1762 жылғы 9 наурызда Тулуза қаласының парламенті (аймақтық соты) Жан Каласқа дөңгелекке байланып, өлтіру үкімін шығарады. Сөйтіп, 10 наурызда 64 жастағы Жан Калас өз кінәсіздігін нық сеніммен мәлімдегеніне қарамастан, қинап өлтіріледі.

Вольтер (1694–1778)

Француз философы Вольтер бұл іске араласады. Өйткені алғашында Калас католиктерге қарсы фанатизмге салынған делінгенімен, бірақ бұл айып кейін негізсіз деп есептелген еді. Вольтер Марк-Антуан қарызға батқан және құмар ойынына салынған, ол университеттегі оқуын мазғабы себебінен аяқтай алмай, соның кесірінен өз-өзіне қол жұмсаған деп есептейді, әрі Каласқа тағылған қылмыс айыбына қарсы науқан бастайды.

Вольтер бастаған қозғалыс сәтті болады. Король XV Луи Каластың отбасын қабылдайды, әрі 1764 жылы үкімнің күшін жояды. Король Тулузаның, Капитулдың бас магистратын қызметінен босатады, сотты аяқтайды, ал 1765 жылы сот ісіне "процедуралық қателік" деген айып тағылып, Каластың отбасына өтемақы ретінде король 36,000 ливр төлейді. Католик шіркеуінің ашық сыншысы Вольтер 1763 жылы «Толеранттық туралы трактат» деген еңбегінде шіркеу қаталдығына мысал ретінде Калас сотын сипаттап жазады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Buttinger, Sabine (2012). "1762, 10. März: Ein Justiskandal" (in German). Damals 44 (3): 9. 
  2. Goldstone Out of the Flames — 2002. — P. 256.