Мазмұнға өту

Гоацин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гоацин

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Ықшам табы: Neognathae
Сабы: Гоацинтәрізділер (даулы)
Тұқымдасы: Гоациндер
Swainson, 1837
Тегі: Opisthocomus
Illiger, 1811
Түрі: O. hoazin
Екі-есімді атауы
Ophisthocomus hoazin
(Muller, 1776)
Гоацин ареалы
Гоацин ареалы

Гоацин (лат. Ophisthocomus hoazin) - Opisthocomidae тұқымдасының жалғыз түрі. Ерекшеліктеріне байланысты гоацинді арнайы отрядқа жатқызады (Opisthocomiformes). Бірақ оның систематикалық орны әлі дәл емес. Алдында оны келесі отрядтарға жатқызған: тауықтәрізділер, тырнатәрізділер, көкектәрізділер, кептертәрізділер. Ұзындығы 60 см. Гоациннің алдыңғы кеудесін біраз бөлігімен кеуде бұлшық еттері жетілмеген, оның себебі жемсауының өте ірілігі. Гоациннің дене салмағының орталығы жемсау корекке толғанда дене кеудесіне қарай ауысады, олар ағаш бұталарына кеудесімен қанаттарымен сүйемелдеп, жылжиды. Нашар ұшады. Оңтүстік Американың солтүстік-батысының ірі өзендер алқабы мен олардың тармақтарында, су басқан ормандарда топтасып (40 дараққа дейін) мекендейді. Гоациндер ұя салу кезінде шағын топ құрап, су үстіндегі бұтақтарда ұя салады. 2-4 жұмыртқа салып, бірнеше ұрғашылары жұмыртқаларды басады. Балапандары жақсы жүзеді, қанаттарында екі жақсы дамыған екіден тырнақтары бар. Өсімдік жегіштер, кейде теңіз шаяндары және ұсақ балықтармен қоректенеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Opisthocomus hoazin. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2007. International Union for Conservation of Nature (2005). Тексерілді, 24 маусым 2008.
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3