Мазмұнға өту

Вон Бин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вон Бин
Ким До Джин (김도진)
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 қараша 1977 (1977-11-10) (47 жас)

Туған жері

Чонсон, Оңтүстік Корея

Азаматтығы

Корей

Бағыты

Драма, криминал, триллер, мелодрама, махаббат тарихы

Марапаттары

BaekSang Arts Awards бағдарламасында «Ең үздік бастапқы телеәртіс» номинациясы

IMDb

ID ID 1047193

Вон Бин — (кор. 원빈, 1977 жылдың 10 қарашасында Чонсонда туған) Оңтүстік Кореяның атақты әртісі және моделі.

Мансапқа дейінгі жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Вон Бин Оңтүстік Кореяның Чонсон уездінің шығысындағы Канвонда ауылында туылып, балалық шағын сол жерде өткізді. Бес баланың ішіндегі бесіншісі, бір ағасы және үш әпкесі. Оның әкесі – шахтада, ал анасы – фермада жұмыс жасады. Таулы жерде өмір сүретін әдеттегі балалар секілді, ол да көп уақытын ойынға жұмсайтын. Вон Бин интервьюында «Мен үйге күн бату кезіндегі қараңғылықта бетімді шаң басқан күйі келетінмін» дей айтқан. Ол кішкентай кезінде ұялшақ, тұйық, тыныш болған және ол мінездер қазіргі күнге дейін сақталған. Көп сөйлемейтін адам болғанымен, ол жеңіл атлетикада керемет нәтижелер көрсетуде. Қазір Вон Бин тэквандомен айналысуда және ол 3 деңгейлі қара белбеуге ие. Кішкентай кезінде автомобиль және мотоцикл жарыстарына деген қызығушылықтың әсерінен автожөндеуші болғысы келген. Вон Бин Чончун-дағы автомобиль және техниканы жөндеуге үйрететін “технология және техника” жоғарығы мектебінде оқыды.

1995 жылдың қараша айында кабелді ТВ станциясы жаңа әртістерді іздеп, жалдап жатырды. Вон Бин тексерістен өтіп, жоғары мектептің соңғы семестрдегі оқуына қабылданды. Ол станцияның басты ғимаратында актерлік шеберлікке оқытылып, бірнеше драмаларда түсіріле бастады. Келесі айда Вон Бин актерлік шеберлігінің агенттігімен келісім шарт жасады.

Вон Бин 1997 жылы «Ұсыныс» драмасында қосалқы рөлмен дебют жасады. 1998 жылғы «Назар аудар, марш» бағдарламасындағы рөлі көрермендермен жақсы бағаланды. «Назар аудар, марш» бағдарламасынан кейін, Вон Бин демалыс алып, 1998 жылы актерлік шеберлігін дамыту үшін Пэкче өнер институтына түсті. 1999 жылы Вон Бин көгілдір экранға «Кванги» топтамасы (сериал) арқылы шығып, көрермендерге «көп уәде беруші әртіс» ретінде танылды.

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильмдер

  • 2001: Зеңбіректер және мылжыңдар
  • 2004: 38-ші қатар
  • 2004: Менің ағам
  • 2009: Ана
  • 2010: Ешқайдағы адам

Теледидарлық топтамалар (сериалдар)

  • 1997: Ұсыныс
  • 1998: Назар аудар, марш
  • 1999: Кванги
  • 2000: Кішкентай бекет
  • 2000: Ккокджи
  • 2000: Менің жүрегімдегі күз (Күз ертегісі)
  • 2002: Достар
  • 2000: «dream in HEAVEN» (АСПАНДАҒЫ арман),(2000 жылдың желтоқсанында Кореяда және 2002 жылдың наурызында Жапонияда шығарылды) – Бали, Индонезия және Кореяда жасалған 100 бетті құрайтын фото-эссе.
  • 2002: «WWW-Wonbin Wide pinup Web», (2002 жылдың қыркүйегінде Жапонияда шығарылды) – 40 бетті құрайтын фото-эссе.
  • 2005: «Вон Бинмен жылына 28 күн», Premium жиынтық – (2005 жылдың ақапанында Жапонияда шығарылған), – 60 минуттық DVD және 144 беттен, фото және өзінің өмірі туралы, Чехия, Япония, Кореяға фототүсірілім үшін барғандағы саяхатын сипаттау эсселерінен құралған.
  • 2006: «Ардақты Вон Бин», фото-эссе (2006 жылдың мамырында Жапонияда шығарылған) – Вон Биннің суреттерімен, жанкүйерлерге күнделік жазу үшін керекті дизайн және эссе.

Сәнді брендтердің өңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1999: Clride, Yell
  • 2000: Clride, Jambangee
  • 2001: Jambangee, Ziozia
  • 2002: Ziozia, GIA, Marui 0101 универмагының (Япония) Visaruno
  • 2003: GIA, C.O.A.X., Marui 0101 универмагының (Япония) Visaruno
  • 2004: Omphalos, Ziozia
  • 2005: Ziozia
  • 2008: Ziozia
  • 2010: Hang Ten, Basic House

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеңімпаз

  • 1999: KBS Drama Acting Awards — Кванги үшін үздік әртіс
  • 2000: KBS Drama Acting Awards — Ккоджи және Күз ертегісі үшін актерлік шеберліктің басымдылығы
  • 2001: Пэксан өнерінің 37-ші марапаттау рәсімі — Ккоджи және Күз ертегісі үшін үздік әртіс
  • 2002: Гаухар тасты арман – BVLGARI (Жапония) марапаты
  • 2004: Чунса киноөнерінің 12-ші мақтау рәсімі — 38-ші қатар үшін үздік әртіс
  • 2004:Алтын Киноның 27-ші фестивалі — 38-ші қатар үшін үздік әртіс
  • 2010: Әйгілі Қоңыраудың 47-ші мақтау рәсімі — Ешқайдағы адам үшін үздік әртіс
  • 2010: Әйгілі Қоңыраудың 47-ші мақтау рәсімі — Ешқайдағы адам үшін танымалдылық мақтауы
  • 2010: Корейлік Киноның 8-ші мақтау рәсімі — Ешқайдағы адам үшін үздік әртіс
  • 2010: Көк Айдаһардың 31-ші мақтау рәсімі — Ешқайдағы адам үшін танымалдылық мақтауы