Мазмұнға өту

Беренгүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Беренгүл
шұңқыр беренгүл
шұңқыр беренгүл
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Linderniaceae
Тегі: Lindernia
All. 1755
түрлері

34 түрі белгілі

Беренгүл , линдерния (лат. Lindernia) – Linderniaceae немесе сабынкөктер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, далалы және таулы аймақтардағы батпақты жерлерде, егістіктерде өсетін 1 түрі – шұңқыр беренгүл (L. pyxіdarіa) бар. Биіктігі 2 – 18 (25) см. Сабағы төрт қырлы, түбінен бастап бұтақталған. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді. Тостағанша жапырақтары бес бөлікті, күлтесі түтік тәрізді, көкшіл түсті. Аталығы төртеу. Гүлдері жапырақ қолтығынан жеке жетіледі. Мамыртамыз айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы көп. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы