Алекс Тёрнер
Александр Дэвид "Алекс" Тёрнер (ағылш. Alexander David "Alex" Turner; 6 қаңтар 1986, Шеффилд, Ұлыбритания) — британикалық музыкант, жазушы және Arctic Monkeys рок-тобының әншіci, сонымен қатар гитаристi. The Last Shadow Puppets жобаның негізін қалаушылардың бірі.
Алекстің жазған әндері көбісі атақты болатын. Оның Arctic Monkeys тоьымен жасаған 6 альбомы да Ұлы Британияның ең атақты әндер жинағына (UK Albums chart) еңген еді.
Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алекс Тернер 1986-шы жылдың 6 қаңтары күні дүниеге, музыка мұғалімі Дэвид және неміс тілі мұғалімі Пенни Тернерлердің отбасысында дүниеге келеді. Балалық шағында, анасы көбінесе The Beatles, The Eagles, The Beach Boys, David Bowie секілді атақты әншілер мен топтарды тыңдағандықтан, Алекс жастайынан музыкаға құштарлығы ашыла бастады. "Stocksbridge High School" - мектебінде 1997-2002 жылдары аралығында оқыды.
Дискографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Arctic Monkeys
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2006 — Whatever People Say I Am, That’s What I’m Not
- 2007 — Favourite Worst Nightmare
- 2009 — Humbug
- 2011 — Suck It and See
- 2013 — AM
- 2018 — Tranquility Base Hotel & Casino
The Last Shadow Puppets
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оның топтағы дискографиясынан бөлек, "Submarine" - фильміне арналған студиялық альбомы да бар.
Arctic Monkeys құрылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2002-ші жылы, Алекс Тернер 15 жаста болғанда, мектептегі таныстары Мэтт Хэлдерс, Энди Николсон , және, басқа меткептегі танысы Джэйми Кукпен топ ашуды шешеді. Алекс туған күніңе ата-анасы алып берген электрлік гитараны , ал Мэтт барабанды, Энди басс-гитараны және Джэйми электрілк гитараны үйренуді шешеді. Алекс сұхбатта айтқандай, The Strokes тобы оған рок-топ ашуға қатты әсер етті.