Чарлз Дарвин: Нұсқалар арасындағы айырмашылық
ш анықтамаға мәлімет қостым Тег: Жоққа шығарылды VisualEditor |
|||
6-жол: | 6-жол: | ||
[[Кембридж университеті]]|Ғылыми аясы=[[Жаратылыстану]], [[Биология]], [[Геология]]|Шынайы есімі={{Lang-en|Charles Darwin}}|Сурет тақырыбы=1880 ж.|Қайтыс болған жері=Даун ([[Лондон]]), Кент графтығы, [[Англия]]|Азаматтығы={{UK}}|Қайтыс болған күні=19.04.1882|Туған жері=Шроусбери, Шропшир графтығы, [[Англия]]|Туған күні=12.02.1809|Суреті=Charles Darwin 1880.jpg|Commons=Charles Darwin}} |
[[Кембридж университеті]]|Ғылыми аясы=[[Жаратылыстану]], [[Биология]], [[Геология]]|Шынайы есімі={{Lang-en|Charles Darwin}}|Сурет тақырыбы=1880 ж.|Қайтыс болған жері=Даун ([[Лондон]]), Кент графтығы, [[Англия]]|Азаматтығы={{UK}}|Қайтыс болған күні=19.04.1882|Туған жері=Шроусбери, Шропшир графтығы, [[Англия]]|Туған күні=12.02.1809|Суреті=Charles Darwin 1880.jpg|Commons=Charles Darwin}} |
||
'''Чарлз Роберт Дарвин''' ({{lang-en|Charles Robert Darwin}}; [[12 ақпан]] [[1809 жыл]], [[Шроусбери]] – [[19 сәуір]] [[1882 жыл]], Даун ([[Лондон]]), Кент) — |
'''Чарлз Роберт Дарвин''' ({{lang-en|Charles Robert Darwin}}; [[12 ақпан]] [[1809 жыл]], [[Шроусбери]] – [[19 сәуір]] [[1882 жыл]], Даун ([[Лондон]]), Кент) — әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы. Оның [[табиғи сұрыптау]] теориясы [[биология]]лық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді. |
||
Дарвин идеялары «''Түрлердің шығу тегі туралы''» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп [[эволюция]]лық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды және сонымен бірге, алғашында өшпенділікпен қарсы алынды, әсіресе, шіркеумен.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – [[Павлодар]]: «ЭКО» ҒӨФ. [[2006]]. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> |
Дарвин идеялары «''Түрлердің шығу тегі туралы''» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп [[эволюция]]лық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды және сонымен бірге, алғашында өшпенділікпен қарсы алынды, әсіресе, шіркеумен.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – [[Павлодар]]: «ЭКО» ҒӨФ. [[2006]]. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> |
14:31, 2024 ж. қарашаның 7 кезіндегі нұсқа
Чарлз Дарвин | |
ағылш. Charles Darwin | |
1880 ж. | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Шроусбери, Шропшир графтығы, Англия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Патшалық географиялық қоғамы |
Ғылыми дәрежесі |
өнер бакалавры (1832 ж.) |
Альма-матер | |
Несімен белгілі |
Эволюциялық ілімнің негізін салушы |
Марапаттары |
|
Қолтаңбасы | |
Чарлз Роберт Дарвин (ағылш. Charles Robert Darwin; 12 ақпан 1809 жыл, Шроусбери – 19 сәуір 1882 жыл, Даун (Лондон), Кент) — әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы. Оның табиғи сұрыптау теориясы биологиялық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді.
Дарвин идеялары «Түрлердің шығу тегі туралы» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп эволюциялық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды және сонымен бірге, алғашында өшпенділікпен қарсы алынды, әсіресе, шіркеумен.[1]
Өмірбаяны
- Чарльз Роберт Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген. Әкесі Роберт Дарвин атақты дәрігер болған.
- Мектептен кейін 1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға қабылданды, бірақ Дарвинді медицинаға қарағанда тірі табиғат көбірек қызықтырады.
- Кейін ол әкесінің ұйғаруымен 1828 жылы Кембридж университетінің діни ілімі факультетіне ауысты. Мұнда да Дарвин тірі табиғат туралы деректерді жинауды жалғастырады.
- 1831 жылы Ч. Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алады. Хатта Дж. Генсло «Бигль» (ағылшынша «Бигль» - «іздеуші» деген сөз) кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінген. Натуралист ретінде «Бигль» кемесінде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты - Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді. Кеменің саяхаты 1831 жылдың 27 желтоқсанынан басталып, 1836 жылдың 25 қазанында аяқталады. Ч. Дарвин 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.
- Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты. Болашақ әйгілі ғалым ағылшынның шағын қаласы Шрусбериде дүниеге келді.
- 1831 жылдың көктемінде Чарльз Кэмбридж университетінің дін ілімі факультетін бітіреді, бірақ поп болып істеуден бас тартады. Оны өсімдіктер мен жәндіктерді зерттеу ісі қызықтырады.
- Одан соң ол Т. Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч. Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.
- Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар:
- «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871 ж.)
- «Адам мен жануарлардын мінез–құлықтары» (1872 ж.). Осы жұмыстар Ч. Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады.
Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “Өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі.
Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.
Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды
Дарвин мен Уолестің теориясы
- Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.
- Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.
- Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама–қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады.
- Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп, ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).
- Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан–ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектің арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.
Дереккөздер
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Charles Darwin |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |