«KSP Steel» ЖШС — мұнай-газ саласы үшін жіксіз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. 2007 жылдың басында құрылған. Компанияның өндірістік орталығы Павлодарда орналасқан, онда 2007 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен KSP Steel зауытының ресми ашылуы өтті. Кәсіпорынның өндірістік объектілері жалпы ауданы шамамен 133 га құрайды, мұнда 7500-ден астам кәсіби дайындалған мамандар жұмыс істейді. Зауыттың жұмысын Алматы қаласында орналасқан компанияның бас кеңсесі үйлестіреді.

KSP Steel
Түрі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Құрылды

2007

Орналасуы

 Қазақстан: Павлодар

Саласы

металлургия

Өнімі

Жіксіз болат құбырлар

Қызметкерлер саны

7500 (2008)[1]

Сайты

kspsteel.kz

Қызметі

өңдеу

KSP Steel негізгі қызметі әртүрлі диаметрлі және мақсаттағы жіксіз болат құбырларды өндірумен байланысты. Өнім құбыр желілерін салу кезінде, мұнай өндіруші және геологиялық барлау компанияларының, Қазақстанның машина жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындарының объектілерінде пайдаланылады, сондай-ақ ТМД елдеріне (Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан) және алыс шетел мемлекеттеріне, оның ішінде АҚШ-қа экспортталады.

2011 жылы өткізілген кәсіби жарамдылыққа аттестаттау барысында компанияның 400-ден астам қызметкері жұмыстан босатылды. Талқылау барысында заңгерлер аттестаттауды заңсыз деп таныды. Павлодардағы KSP Steel қазақстандық кәсіпорнының басшылығы өз қателігін мойындап, қызметкерлерін өз лауазымына қайта алды[2].

2021 жылдың тамызында қазақстандық KSP Steel жіксіз болат құбырларды шығару бойынша "Полимерстрой" ЖШҚ өндірісін дамытуға 500 млн рубль инвестициялауды жоспарлап отырғаны белгілі болды, деп хабарлады Орынбор облысы үкіметінің баспасөз қызметі[3].

Құрал-жабдықтар

өңдеу

Зауыттың жобасын әзірлеуді, сондай-ақ негізгі жабдықты жеткізуді және іске қосуды Danieli (Италия) компаниясы жүзеге асырды. Сондай-ақ, Kocks (Германия), Tecnar (Канада), Cartacci (Италия), Tuboscope (АҚШ), Bronx (АҚШ), PMC-Colinet (Бельгия), Tiede, MAC, Sidermontaggi (Италия) фирмаларының жабдықтары қолданылады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. KSP Steel: COMPANY  (ағыл.). kspsteel.kz (12 қаңтар 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 сәуір 2019.
  2. Компания «KSP Steel» вернула незаконно уволенных сотрудников  (орыс.). total.kz. Тексерілді, 4 маусым 2022.
  3. KSP Steel инвестирует 500 млн руб в развитие оренбургского завода бесшовных труб - власти  (орыс.). interfax-russia.ru. Тексерілді, 4 маусым 2022.