Үркер
Үркер — (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.
Көк түсті жоғары температуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.
Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі арақашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.
Бақылау-өлшеу тарихы
өңдеуҮркер – солтүстік жарты шарда қыста, ал оңтүстік жарты шарда жазда ең айқын көрінетін аспан денесі. Сондықтан ол ежелгі мәдениеттер жағынан өте көп тілге алынған. Мысалы, Қазақтар Аустралия аворигендері, Маорилер, Қытайлар, Маялар, Ацтектер, солтүстік Америкадағы Сиу ұлты қатарлылар.
Қытайдың дәстүрлі Конфуцышылдығы бойынша Конфуцыға аспанның ақиқатын үйреткен бес әулие осы Үркер үйіржұлдызынан келген делінеді.
Ежелгі грек астрономдары оны біртұтас шоқжұлдыз деп есептеген және ежелгі грек жыраулары Гесиод пен Гомер (Илиада және Одиссея) өз шығармаларында тілге алған.
Үркердің Інжіл мен Тәураттағы атауы Хима. Інжілдің үш жерінде Үркер туралы айтылған екен.
Үнді мифологиясында үркер "Krittika" деп аталған, ол соғыс құдайының шешесі болып, оның бір-бірден көрсете алатын 6 түрлі көркі бар делінеді.
Ал, Ислам ғалымдары Үркер(At -thuraiya деп аталған)Құранда Najm деп кездеседі деген пікірде.
Үркердің ұқсас бағыттағы сәйкес келген жұлдыздар емес, өзара байланысы бар жұлдыздардан құралғанын адамзат өте ертеден байқаған. 1767 жылы Шарль Мессье осынша көп жұлдыздардың бір бағытта бір-біріне қатыссыз кездейсоқ орналасу мүмкіндігін аспандағы өзге жұлдыздардың жайласуы арқылы есептеп, шамамен 500 мың да 1 жағдайда Үйіржұлдыз емес Үркердің болатынын есептеп шығарды. Демек, ол Үркер өзара физикалық байланысы бар Үйіржұлдыз деп есептеді. Тұрақты жұлдыздардың қозғалу жылдамдығын зерттеушілер Үркердегі жұлдыздар жылдамдығының бірдей екенін, олардың белгілі бір бағытқа бірдей қозғалатынын, олардың бір-біріне тартылыс күш түсіретінін ашты.[2]
Миссье М45-ті қамтыған үйіржұлдыздың орнын есептеп, құйрықты жұлдыздың катологына ұқсайтын жұлдыздар жүйесі катологын жасауға тырысты және 1771 жылы бұл мақсатын іске асырды.[3]
Арақашықтығы
өңдеуӘлемнің өлшемі мәселесін шешуде Үркердің бізден арақашықтығын есептеу өте маңызды қадам болды және ол арқылы әлемнің кеңдік өлшемін мөлшерлеуге септігі тиеді. Үркер бізге өте жақын үйіржұлдыз ретінде арақашықтықты есептеу қиын болған жоқ. Астрономиялық дұрыс ақпараттарға сүйеніп, астрономдар жұлдызаралық қашықтықты HR диаграммасы арқылы өлшейді. Арақашықтықтың дұрыс есептелуі ғарыштың кеңдігін есептеуге, ғарыштың жасын есептеуге, және болашақ өзгерісін мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Hipparcos спутниктігі ұшырылудан бұрын, үркер туралы білімдерге негізделіп өлшенген арақашықтық 135 парсек болды. Ал, Hipparcos спутниктігі жұлдыз шоғырындағы тұрақты жұлдыздардың көріну парқына сүйеніп - 118 парсек екенін есептеді. Кейінгі зерттеулер бойынша аталған нәтиже дұрыс емес делінді, бірақ қай жерінен қате кеткені айқындалмады.[4] Қазір Үркердің бізден арақашықтығы сол 135 парсек (шамамен 440 жарық жылы) шамасында деп бекітілген.[1][5]
2014 жылы 29 тамызда Калифорния университеті, Сан-Диего бөлімше мектебіндегі Carl Melis зерттеу тобы АҚШ-тың «Ғылым» журналына бір мақала басты. Мақалада, асқан интерферометриялық әсерді есептеу арқылы Үркердің бізден 444 жарық жылы қашықтықта екенін айтыпты. Ескертуінше, қателік 1% көлемінде деп белгілеген екен.
Шығуы мен батуы
өңдеуБақылау Түркістан облысы, Жетісай ауданында жүргізілген
Дата | Шығуы | Батуы |
---|---|---|
10 қаңтар | 15:00 | 5:00 |
10 ақпан | 13:00 | 3:00 |
10 наурыз | 11:00 | 1:00 |
10 сәуір | 9:00 | 23:00 |
10 мамыр | 7:00 | 21:00 |
10 маусым | 5:00 | 19:00 |
10 шілде | 3:00 | 17:00 |
10 тамыз | 1:00 | 15:00 |
10 қыркүйек | 23:00 | 13:00 |
10 қазан | 21:00 | 11:00 |
10 қараша | 19:00 | 9:00 |
10 желтоқсан | 17:00 | 7:00 |
Құралуы
өңдеуҮркердің X- рентген суретінен ондағы тұрақты жұлдыздарда темпратурасы өте жоғары атмосфера қабаты бар екені байқалады.
Бұл жұлдыз үйірі радиусы 8 жарық жылы шамасында, ал толқымалы-кеңеймелі радиусы 43 жарық жылына жетеді.[6] Құрамындағы мыңдаған жұлдыздардың негізгілері әлі де жас, жоғары темпратуралы көкшіл жұлдыздар екенін, күзету ортасының ұқсамастығына орай 14 ке жуық жұлдызды көзбен көруге болатыны белгілі. Жұлдыз шоғырының жалпы массасы күн массасының 800 есесіндей екен.[6] Үркер үйіржұлдызындағы біршама жарық жұлдыздар
Атауы | Белгіленуі | Көрінерлік жұлдыздық үлкендігі | Спектральді класы |
---|---|---|---|
Альциона | Торпақтағы ɳ25 | 2.86 | B7IIIe |
Атлас | Торпақтағы 27 | 3.62 | B8III |
Электра | Торпақтағы 3.70 | B6IIIe | |
Майя | Торпақтағы 20 | 3.86 | B7III |
Меропа | Торпақтағы 23 | 4.17 | B6IV |
Тайгета | Торпақтағы 19 | 4.29 | B6V |
Плейона | Торпақтағы BU (28) | 5.09 ауыспалы жұлдыз | B8IVep |
Целено | Торпақтағы 16 | 5.44 | B7IV |
Астеропа | Торпақтағы 21 | 5.64 | B8Ve |
22-нші Торпақ | Торпақтағы 22 | 6.41 | B9V |
— | — | 5.65 | B8V |
Үркер үйіржұлдызында массасы күн массасының бар болғаны 8% ғана ұстайтын, өзегінде жеткілікті темпратура мен тартылыс күші болмауынан тұрақты жұлдызға толық айнала алмаған көптеген Қоңыр ергежейлі жұлдыз (Brown dwarf) бар екені белгілі болды. Ондайлардың саны Үркер үйіржұлдызындағы жұлдыздардың 25% -ын, ал салмағы бүкіл салмақтың 2%-ын ұстайды.[7] Астрономдар Үркер мен басқа да жас үйіржұлдыздар арқылы Қоңыр ергежейлі жұлдыздардың ерекшелігіне талдау жасауға тырысты. Қоңыр ергежейліні әдетте жас жұлдыз шоғыры арасында күзетуге қолайлы, ал ежелгі үйірлі жұлдыздар әлдеқашан көмескіленгендіктен, оларды зерттеу біршама қиын есептеледі.
Кезекте, Үркерден кейбір Ақ ергежейлі жұлдыздар да байқалды. Бірақ үйіржұлдыздағы жас тұрақты жұлдыздар әлі де Ақ ергежейлі жұлдыз болу жасына жетпегендіктен, оған әлі де неше миллиардтаған жыл керек болғандықтан бұл мәселе қайшылықты түсіндіріліп отыр. Жалпы түсінік бойынша, олар төмен және орташа тұрақты жұлдыздардан өзгеріп келген емес, қосарлы серік жұлдыздар өз орбитасы бойынша айналатын өзегіндегі алып массаға ие жұлдыздардың тез өзгеруінен Ақ ергежейлілер пайда болған делінеді. Осынау жұлдыздарды айналдыратын алып массаға ие орталық жұлдыздар өте тез өзгеріс барысында өз массасын төңірегіндегі серік жұлдызына беріп, өте тез уақытта Ақ ергежейлі жұлдызға айналады. Дегенмен, бұл мәселені тартылыс күш арқылы түсіндіру керек және бұл тақырып әлі де ұзақ зерттеуді талап ететін мәселе есептеледі.
Жасы және болашақ өзгерісі
өңдеуҮйіржұлдыз бен тұрақты жұлдыздың өзгерісі теориясы моделін салыстырып, HR диаграммасы арқылы жұлдыз үйірінің жасын мөлшерлеуге болады. Бұл тәсіл бойынша, Үркер үйіржұлдызының жасы 75 млннан 150 млн жас аралығында екені айқындалды. Аталған жас шамасындағы екі түрлі сан арасындағы ауытқыған шама жұлдыз өзгерісі модельінің тұрақсыздығының нәтижесі. Әсіресе модельдегі Тропосфера құбылысына байланысты. Яғни жұлдыз ішіндегі Тропосфералық жағдай жұлдыз жасын тым үлкен етіп көрсетуі мүмкін.
Үйіржұлдыздар жасын өлшеудің екінші амалы төмен массалы тұрақты жұлдыздарды табу. Әдетте негізгі тұрақты жұлдыздағы литийдің термоядролық реакциясы тез таусылады, өйткені литийдің жану нүктесі 2500 000К ғана. Ал, массасы жоғары Қоңыр ергежейлі жұлдызда Литийдің күйреуі ең соңында орындалады. Сондықтан өлшенген үйіржұлдыздағы Қоңыр ергежейлі жұлдыздың литийі болу, болмауы үйіржұлдыз жасын өлшеудің идеал амалы есептеледі. Осы амалмен Үркер үйіржұлдызының жасын өлшегенде ол 115 млн жаста екені айқындалды.[8][9]
Үйірлі жұлдыздың салыстырмалы қозғалысы олардың кеңістіктегі орнын ауыстырып отырады. Жер шарынан неше мың жылдық күзету дерегі бойынша кезекте ол Аңшы шоқжұлдызының аяғы астынан өтіп барады. Ұқсас басқа да тарқақ үйіржұлдыздар секілді Үркер үйіржұлдызы да өз үйірін ұстап тұруға жеткілікті тартылыс күшке ие емес. Сондықтан ол басқа үйіржұлдыздарға, не галактикаларға жолыққанда кейбір тұрақты жұлдыздары солардың құшағына ауысып кетеді. Есептеулер бойынша, енді 250 млн жылдан кейін Үркер үйірлі жұлдызы алып молекулалық бұлттың тарту күшінің әсерінде бөлшектеніп кетуі мүмкін. Ал, бұл жағдайға Құс жолының айналу шынтағы да үлес қосатыны анық.
Шағылысқан тұмандық
өңдеуИдеал күзету шартында, кейбір белгілер, әсіресе экспозициялық суреттерде тұмандық Үйіржұлдызға жақын орналасқаны байқалады. Тұмандықтағы тозаңдар жоғары темпратура мен жас тұрақты жұлдыздың жарығынан көк түсті шағылысып көрінген тұмандық есептеледі.
Бұл тозаңдар осы үйіржұлдыз алғаш қалыптасқан кездегі қалдық болуы мүмкін делінді. Бірақ үйіржұлдыз аз дегенде 100 млн жылда әрең қалыптасатындықтан, ол кездегі тозаңдар баяғыда радиацияның әсерінде тарқалып таусылған. Былайша айтқанда, бұл үйіржұлдыз кезекте жұлдызаралық қалдық заттар мен тозаңдар өте көп жолда кетіп барады.
Зерттеулер бойынша, тозаңдардың тарқалуы біркелкі емес, көру бағыты бойынша үйіржұлдыздың басар жолына байланысты екі қабатқа бөлінген. Бұл екі қабат бәлкім тозаңдар тұрақты жұлдыздарға құйылған кезде радиация қысымынан жылдамдығы ақырындауына байланысты қалыптасқан секілді.[10]。
Шетел аңыздары
өңдеуҮркер жұлдызы ежелгі грек-рим мифологиясына орай аталатын жұлдыздардан құралады. Олар: Atlas, Pleione, Electra, Celaeno, Taygeta, Merope, Alcyone, Sterope қатарлылар.
Олардың ішіндегі ең жарық жетеуі ежелгі Грек мифологиясындағы ғаламды көтерген Атлас (Атлант деп те аталады) пен Плейонадан туған 7 әпеке-сіңлілі қыздың атымен аталады: Алкиона, Келено, Майя, Меропа, Стеропа, Тайгета және Электра қатарлылар. Ғарыш көтерген Титан қыздары ретінде Сүлусары (Альдебаран) да Плейонаның қызы болып, Гианта деп аталады.[5]
Ежелгі жапондар Үркер үйіржұлдызын әдемі безену бұйымы деп түсініп, оны махаббатпен байланыстырған. Олардың көптеген эстрада әндеріне Үркер тақырыбы арқау болған. 1998 жылғы Гавайидегі 8.2м телескопты Үркер (Subaru)деп атаған. Ал олардың әйгілі Fuji компаниясы шығарған машина Subaru (Үркер) деп аталады.
Қазақ этномәдениетінде
өңдеуҚазақ елінде Үркер мен Айдың тоғысуына негізделген ерекше ай санағы бар. Үркер жұлдыз шоғырын білмейтін қазақ жоқ деуге болады. Бұл жарықтығы бір келкі, бір үйір жұлдыз оп-оңай көзге түседі. Жаздың қысқа түндерінен басқа уақыттың бәрінде де Үркерді аспаннан көруге болады.[11]
Қазақ халқында аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын “үріккен үйірлі жылқыға” ұқсату нәтижесінде “Үркер” атауы шыққан. Қазақтың дәстүрлі Аспан аңыздарында Үркер үйірі туралы әңгіме көп. Ел арасында Үркерді “жұлдыз ағасы” деп есептеген. Үркер аспандағы Күн мен Айдың орбитасына жақын тұрғандықтан, оған қатысты Күн мен Айдың орналасуына қарап қазақ халқы түнгі бағытты, жыл, түн мезгілдерін және ай тоғыстарын (қ. Тоғыс есебі) анықтап отырған.
Үркер -қазақ ұғымында ежелден келе жатқан астырономялық атау. Мұның түбір сөзі мен үндестігі ерте заманғы Бабилон өңірінде жасаған Шумер мәдениетіне және Америка құрлығындағы Мая мәдениетіне жалғасады. Қазақ аңыздарында Үркерді қызға ұқсату жоғарыда айтылған Грек, Жапон, Үнді мәдениеттеріндегі Үркер туралы аңыздармен астасып жатқаны байқалады. Ежелгі бір аңызда үркер бес баласы бар жесір әйел деп түсіндіріледі. Оның күйеуін үш мерген атып кетіпті. Енді өзін зорлықпен алмақшы болады . Үркер сол үш мергеннен қашып жүреді делінеді. Бұрын үркердің алты баласы бар екен. Үркердің өзімен жетеу болыпты. Сонда да оның бір баласын ағайынды жеті қарақшы ұрдап әкетіпті. Жеті қарақшының үш жұлдызының ортасында тұрған жұлдыздың бауырында тұрған кішкене жұлдыз сол үркерден ұрдап әкеткен бала екен. Үркердің кейде жетеу болып көрінетіні осы бала шешесіне қашып барып алған кезіне тура келеді екен.
Тағы бір көп таралған қазақ аңызында Үркердің Үлпілдек деген қызы болыпты делінеді. Жетіқарақшы Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың бастығы, оның жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екуі жақындағанда таң бозара бастайды.
Үркер ежелгі сенім бойынша Аспан әлемі мен Жер әлемі арасындағы немесе Көк Тәңірі мен Жер Тәңірі арасындағы қатар «өмір сүруші қосмекенді» ретінде қабылданған. Өйткені, олар алдымен Жерде өмір сүрген, ол кезде мәңгілік жаз болған екен. Аласапыран кез болып, табиғат өзгергеннен кейін ұйықтап жатқан 12 Үркерді барлық жануарлар өлтірмек болады. "Үркерлерді өлтірсең, мәңгілік жаз болады" дегенді естігеннен кейін, әрқайсысы бөліп алып таптамақ болады. Тек қана сиырдың тұяғы аша болғандықтан, оған бөлінген 6 жұлдыз аспанға ұшып кетіпті делінеді. «Үркер» турасындағы барлық мифтерде кездесетін сюжет – оның бұрын жерде өмір сүріп, жануарлардың үстемдігімен аспанға кетуі. Ал, ол сюжеттің варианттары түрлі болып келеді. Мәселен, бір жерде Үркерлер өздерімен өздері ұйықтап жатады десе, бір жерде оның құрт болғанын, оны түйе табанымен басып тұрып, сиырға ұстата тұрған делінеді, келесі бір жерде Үркер Сұлусарыны Жетіқарақшы ұрлап қояды деп олардан қашып, жерге келіп, қырық күнге жатып алуы. Сонда барлық жерде Үркер мәңгілік жаздың бейнесі ретінде көрініс береді.
"Үр" деген сөз көне түркі тілі. Ал, түркі тілі Сақтар мен Ғұндардың тілімен тұтасып жатқаны белгілі. "Үр" ертеде "сұлу" деген мағынада қолданылған. Қазақта әлі де "үріп ауызға салғандай" деген тұрақты тіркес бар. Бұл сұлулыққа, сүйкімділікке қаратып қолданылады. Адамды таң қалтыратыны — ежелгі Майя күнтізбесінде де үркер "үлкәр" деп аталыпты. Майя күнтізбесі түрлі білімді тоғыстырған аса күрделі күнтізбе есептеледі. Ол , шамамен бұдан алты мың жыл бұрынғы күнтізбе. Сонда Үркер атауы ерте заманғы ортақ атау екені көрініп тұр. Үндістердің ішінде Майялар да бар көптеген тайпасы осыдан 40-50 мың жыл бұрын Беринг бұғазы арқылы Америка құрлығына өтіп кеткенін есімізге алсақ, бұл сөздің арғы тамырының қаншама тереңде жатқанын байқаймыз. Қазақ тілі түмен жылдық ақпарды айнытпай сақтаған екен. Дегенмен, бұл деректі әлі де ары қарай нақтылап, жалғасты зерттеуге тура келеді.
Үркердің қазақ астырономясында маңызы зор. Қазақтың тоғыс есебінің өзі ай санау есебі тәрізді нәрсе. Бұл күні ол есептердің сыры ұмыт болған. Халқымызда "Үркерлі айдың бәрі қыс", "Үркер жерге түспей жер қызбайды" дейтін ұғымдар бар.
Үркер күз басында іңірде күн шығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында күн батыстан көрінеді. Ал шілде айында Үркер күннің жанында болып, түнде көрінбей кетеді.
Жаңаша 7-айдың 3- 5 - күндерінен кейін үркер көтеріледі. Бұл кезде Үркер таңға жақын шығыстан көрінеді. Шаруалар "үркер көтерілген соң мал көтеріледі, егін көтеріледі, қозы-лақ көтеріледі" деп ерте жұмыс бастаудың белгісі еткен.
Уфология және жаңа заман сенімі
өңдеуКейбір уфологияшы адамдар адамға ұқсас бөгде ғаламшарлық адам туралы айтылымдарға сенеді. Олардың ішінде осы Үркер үйіржүлдызы арасындағы кейбір жұлдыздар бетінде Үркерліктер қоныстанған ғаламшар бар дейтіндер де кездеседі. Олардың айтуынша Үркерліктер жер шары адамдарымен арғы атасы бір туыс келеді, ол екеуі де Лира галактикасынан (lyra) келген деп есептейді.
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
өңдеу- ↑ a b Percival, S. M.; Salaris, M.; Groenewegen, M. A. T. (2005), The distance to the Pleiades. Main sequence fitting in the near infrared, Astronomy and Astrophysics, v.429, p.887.
- ↑ Frommert, Hartmut (1998) "Messier Questions & Answers" Мұрағатталған 5 тамыздың 2011 жылы.. Retrieved наурыз 1, 2005.
- ↑ Michell J. (1767), An Inquiry into the probable Parallax, and Magnitude, of the Fixed Stars, from the Quantity of Light which they afford us, and the particular Circumstances of their Situation, Philosophical Transactions, v. 57, p. 234-264
- ↑ Soderblom D.R., Nelan E., Benedict G.F., McArthur B., Ramirez I., Spiesman W., Jones B.F. (2005), Confirmation of Errors in Hipparcos Parallaxes from Hubble Space Telescope Fine Guidance Sensor Astrometry of the Pleiades, The Astronomical Journal, v. 129, pp. 1616-1624.
- ↑ a b Zwahlen, N.; North, P.; Debernardi, Y.; Eyer, L.; Galland, F.; Groenewegen, M. A. T.; Hummel, C. A. (2004), A purely geometric distance to the binary star Atlas, a member of the Pleiades, Astronomy and Astrophysics, v.425, p.L45.
- ↑ a b Adams, Joseph D.; Stauffer, John R.; Monet, David G.; Skrutskie, Michael F.; Beichman, Charles A. (2001), The Mass and Structure of the Pleiades Star Cluster from 2MASS, The Astronomical Journal, v.121, p.2053.
- ↑ Moraux, E.; Bouvier, J.; Stauffer, J. R.; Cuillandre, J.-C. (2003), Brown in the Pleiades cluster: Clues to the substellar mass function, Astronomy and Astrophysics, v.400, p.891.
- ↑ Basri G., Marcy G. W., Graham J. R. (1996), Lithium in Brown Dwarf Candidates: The Mass and Age of the Faintest Pleiades Stars, Astrophysical Journal v.458, p.600
- ↑ Ushomirsky, G., Matzner, C., Brown, E., Bildsten, L., Hilliard, V., Schroeder, P. (1998), Light-Element Depletion in Contracting Brown Dwarfs and Pre-Main-Sequence Stars, Astrophysical Journal v.497, p.253
- ↑ Gibson, Steven J.; Nordsieck, Kenneth H. (2003), The Pleiades Reflection Nebula. II. Simple Model Constraints on Dust Properties and Scattering Geometry, The Astrophysical Journal, v.589, p. 362
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Сыртқы сілтемелер
өңдеу- Қазақ Астрономиясы және Ұлықбек пен Өтейбойдақ
- Қазақ фольклорындағы Аспан әлемі
- Жұлдыз және обсерватория Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2008 жылы.
- Такаюка Юшиданың Астросуреттер сайты
- Майя Астрономиясы Мұрағатталған 6 маусымның 2007 жылы.
- Үркер туралы ғылыми ақпараттар
- Үркер құпиясы
- Қараңғы әлем фотолары: Үркер үйіржұлдызы