Хрусталь(грекше Krystallos — кристалл) — құрамында көбірек мөлшерде қорғасын не барий тотығы бар шынының ерекше бір түрі. Хрустальдың мөлдірлігі мен сыну көрсеткіші жоғары болғандықтан, сәл соққы әсерінен сыңғырлаған дыбыс шығарады. Хрусталь бұйымдарын гравюралап қырлайды, оюлайды және ажарлайды. Мұндай бұйымдар түрлі түске боялып, ерекше жалтырап көрінеді. Хрустальдан сәндік бұйымдар, қымбат люстралар мен ыдыстар, зергерлік бұйымдар, т.б. жасалады. Құрамы хрустальдан өзгеше венеция (15 — 16 ғасыр) және чех не богем (17 ғасырдан бастап) шынылары да хрусталь деп аталады.

Хрусталь ыдыс
Классикалық үлгідегі хрусталь люстра.

[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том