Хром
Хром (лат. Chromіum; Cr) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элементі, атомдық номері 24, атомдық массасы 51,996. Тұрақты төрт изотобы 50Cr(4,31%), 52Cr (83,76%), 53Cr (9,55%), 54Cr (2,38%) бар. Олардың ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы 51Cr (T1/2 = 27,8 күн ).
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көкшіл-ақ түсті қатты металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Хром / Chromium (Cr), 24 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
6, 4, d | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 3d5 4s1 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
(+6e)52 (+3e)63 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
130 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
139±5 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+6e)52 (+3e)63 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,66 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
−0,74 | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
−4, −2, −1, 0, +1, +2, +3, +4, +5, +6 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 652,4 (6,76) кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
7,19 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
2130 K | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
2945 K | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
21 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
342 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
кубтық көлемдік орталықтанған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
2,885 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
460 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 93,9 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
279 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.21 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
8.5 | ||||||||||||||
Виккерс қаттылығы |
1060 МПа | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
687–6500 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-47-3 |
Физикалық қасиеттері
өңдеуХром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу температурасы 1910 °C, қайнау температурасы 2480 °C, тығыздығы 7,14 грамм/куб сантиметр.
Химиялық қасиеттері
өңдеуҚалыпты температурада фтормен, 600°С-тан жоғары температурада галогендермен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі.
Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr2O3 тотығын түзеді, оның гидрототығы (Cr(OH)3) амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады.
Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш.
Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады.
Хром кешенді қосылыстар түзуге бейім. Ол құрамда оттек бар қышқылдармен әрекеттесіп нитрат Cr(NO3)3·9H2O, сульфат Cr2(SO4)3·18Н2О тұздарын түзеді.
Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr2O3 алюминотерм. әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді. Хром-калий ашудасы былғары илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді.[2]
Ашылу тарихы
өңдеуХромды 1797 жылы француз химигі Луи-Николя Воклен (фр. Louis-Nicolas Vauquelin; 1763 — 1829) крокоит минералының құрамынан ашқан.
Табиғатта таралуы
өңдеуХром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 2•10−3%.
Өнеркәсіптік маңызды минералы — хромит, оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Батыс Қазақстандағы кені Ақтөбедегі хром қосылыстары заты мен ферроерітінді затын хроммен қамтамасыз етеді. Оның ішінде Хромтау қаласындағы (Дөң кең байыту комбинаты) Қазақстанға ең үлкен мөлшерде хромды қамтамасыз етеді.
Хром рудалары
өңдеуХром рудалары – металл күйінде хром мен хром қосылыстарын бөліп алуға жарамды табиғи минералдық түзілімдер. Жер қыртысындағы хромның орташа мөлшері 70 г/т. Хром рудаларының минералдарынан саналатын хромпинелидтерге магнохромит, хромпикотит, алюмохромит, феррихромпикотит жатады. Металлургиялық мақсат үшін құрамында хром тотығының мөлшері 45% - тен астам жоғарңы сортты рудалар қажет. Хром рудалары Қазақстанда Қостанайда (Аққарға, Жетіқара, Құндыбай), Ақтөбеде(Кемпірсай) және Семей (Шар) облыстарының жерінде орналасқан. Барланған және пайдаланудағы ірі өндірістік кендері Кемпірсай хромит кендері тобымен байланысты. Осы кендер негізінде КСРО хромиттің барланған және жылдық өндірілу мөлшері жағынан, Қазақстанның арқасында дүние жүзілік рейтинг бойынша бірінші орынды иеленді. Дүние жүзінің қырық еліне экспортқа шығарылатын осы кендердің рудалары сапасына хром тотығы мөлшері жөнінен жер шарында сыңарлас келетін бір де бірі жоқ. Бұл кен рудалары Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Ермак ферроқорытпа зауытында қорытылады.[3]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Michael E. Wieser, Norman Holden, Tyler B. Coplen, John K. Böhlke, Michael Berglund, Willi A. Brand, Paul De Bièvre, Manfred Gröning, Robert D. Loss, Juris Meija, Takafumi Hirata, Thomas Prohaska, Ronny Schoenberg, Glenda O’Connor, Thomas Walczyk, Shige Yoneda, Xiang‑Kun Zhu.,Atomic weights of the elements 2011 (IUPAC Technical Report)[1]/,Pure and Applied Chemistry,201,10.1351/PAC-REP-13-03-02}}
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
- ↑ Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |