Самарқан (өзб. Samarqand) — Өзбекстандағы ежелгі қала, Самарқан облысының әкімшілік орталығы. Зерафшан өзені аңғарында орналасқан. Халық саны 519 мың (2016) адамға тең, халық саны бойынша Өзбекстанның үшінші қаласы.

Қала
Самарқан
өзб. Samarqand
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Өзбекстан

Облыс

Самарқан

Хәкімі

Фазлиддин Умаров [1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

39°39′15″ с. е. 66°57′35″ ш. б. / 39.65417° с. е. 66.95972° ш. б. / 39.65417; 66.95972 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°39′15″ с. е. 66°57′35″ ш. б. / 39.65417° с. е. 66.95972° ш. б. / 39.65417; 66.95972 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.д. VIII ғасыры

Бұрынғы атаулары

Марақанда, Соғдиана

Жер аумағы

123,82 км²

Орталығының биiктігі

720 м

Климаты

субтропиктік-ішкі континенттік

Уақыт белдеуі

UTC+5

Тұрғындары
Тұрғыны

559,4 мың адам (2021)

Тығыздығы

4518 адам/км²

Агломерация

↗ шамамен 1 млн

Ұлттық құрамы

өзбектер, тәжіктер, орыстар және басқалары

Конфессиялар

мұсылман-суниттер, христиандар, мұсылман-шиитер және басқалары

Этнохороним

Самарқанддық

Ресми тілі

өзбек

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+998 66

Пошта индексі

140100

Автомобиль коды

14 (1998-2008), 30-39 (2008)

Басқалары
Марапаттары

Ленин ордені

Қала күні

18 қазан

samshahar.uz  (өзб.)

Самарқан картада
Самарқан
Самарқан

Самарқанның ежелгі Афрасиаб атанған солтүстік-шығыс бөлігінде қала тарихының мұражайы, Шаһи Зинда ғимараты, Бибі ханым мешіті сияқты тамаша сәулет ескерткіштері шоғырланған. Ескі Самарқанның орталығында Регистан, одан оңтүстікке қарай Гүр Әмір, Ақсарай, Рухабат; оңтүстік-шығысында Ишарат хан мазарлары, т.б. орналасқан. Самарқанда Жалаңтөс Баһадүр салдырған «Ширдор» медресесі өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Онда машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп фабрикасы, химиялық комбинат, 4 театр, 6 жоғары оқу орны бар.

Тарихы

өңдеу

Біздің заманымыздан 4 ғасырда Марканд деген атпен белгілі болды. Біздің заманымыздан 330 ж. Ескендір Зұлқарнайын жаулап алып, өз мемлекетінің құрамына енгізді. Б.з.б. I ғасырдан біздің заманымыздың IV ғасырына дейінгі аралықта Кушан патшалығының ірі сауда орталығы болды. IV ғасырдан VI ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасы болды. Самарқанды VIII ғасырдың басында арабтар, IX ғасырда Самани әулеті, XI ғасырда Қарахан әулеті, одан соң селжүктер, XII ғасырдың орта шенінде қидандар басып алды. XIII ғасырдың бас кезінде Хорезм шаһтары билік етті. 1220 жылы Шыңғыс хан әскерлерімен жауланды. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің астанасы болды. 1500 жылы Шайбани мемлекетінің, XVI ғасырдың аяғында Бұхара хандығының құрамына кірді. 1868 жылы патшалық Ресей әскерлері басып алды да, Ресей империясының қарауына енді. 1924–1930 жылдары Өзбек КСРның астанасы болды. 1970 жылдың қазанында Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтілді.

Галерея

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу