Иондану
Иондану — электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер әсерінен жүзеге асуы мүмкін. [1]
Заттар өздерінің үш түрлі жағдайында да, яғни қатты, сұйық және газ күйінде иондана алады. Заттардың иондану дәрежесі олардың табиғатына, температурасына, сәулелер түріндегі энергия мөлшеріне т. б. жайттарға байланысты. Радиометрлік аспаптардың көпшілігі нақ осы заттардың иондану қабілетіне негізделіп жасалған.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |