Демокрит (гр. Δημόκριτος; Абдеры, 460 б.э.д. — 370 б.э.д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы даму процесінің кезінде адамдар қажеттілік әсерінен табиғат пен аңдарға қарап және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірге қажетті білімдерін ала алады.

Демокрит

Демокрит
Дүниеге келгені: 460 б.э.д.
Абдеры
Қайтыс болғаны: 370 б.э.д.
Мансабы: Философ, Алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды.

Сонымен, адамзат қоғамы - табиғи жағдайдың бірте-бірте даму нәтижесі. Бұл мағынада қоғам, полис, заңдар жасанды, табиғаттан берілмеген. Бірақ олардың пайда болуы - табиғи қажетті, кездейсоқ жағдай емес. Жасанды мен табиғилық арасындағы байланыс сипаты дұрыс қабылдануы қажет. Осы тұрғыдан ол табиғат қайшы келгеннің барлығын әділетсіз деп есептейді.тқ Демокрит бойынша, мемлекет мүддесі бәрінен де жоғары, азаматтар оның құрылымын және басқаруын жақсартуға ұмтылуы керек. Мемлекет бірлігін сақтау үшін Демокрит азаматтардың бірігуін, олардың бір-біріне көмектесуін, қорғауын талап етеді. Азамат соғысы жауласқан жақтар үшін жоқшылық ретінде бағаланды. Басқару формаларының ішінде демократияны, аристократияны қолдады.

Демокрит бойынша "ең жақсылар" байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін - өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес деп есептеген.[1]

Тағы қараныз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3