Азурит
Азурит (фр. l’azur — лазурь, көк тас) — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы — координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 3,7-3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. Азуриттің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. Азурит мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады. Азурит — мыс минералдарының бір түрі. Әдемі көкшіл түсіне орай, азурит әшекей бұйымдар жасауға қолданылады.[4]
Azurite | |
---|---|
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | Cu3(CO3)2(OH)2 |
Strunz classification | 05.BA.05 |
Crystal symmetry | Monoclinic 2/m |
Unit cell | a = 5.01 Å, b = 5.85 Å, c = 10.35 Å; β = 92.43°; Z=2 |
Ерекшеліктері | |
Молярлық массасы | 344.67 g/mol |
Түсі | Azure-blue, Berlin blue, very dark to pale blue; pale blue in transmitted light |
Кристал пішіні | Massive, prismatic, stalactitic, tabular |
Сингониясы | Monoclinic Prismatic |
Twinning | Rare, twin planes {101}, {102} or {001} |
Үгітіндісі | Perfect on {011}, fair on {100}, poor on {110} |
Агреттары | Conchoidal |
Беріктігі | brittle |
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 3.5 to 4 |
Streak | Light Blue |
Diaphaneity | Transparent to translucent |
Үлес салмағы | 3.773 (measured), 3.78 (calculated) |
Оптикалық сипаты | Biaxial (+) |
Refractive index | nα = 1.730 nβ = 1.758 nγ = 1.838 |
Birefringence | δ = 0.108 |
Pleochroism | Visible shades of blue |
2V angle | Measured: 68°, calculated: 64° |
Dispersion | relatively weak |
Дереккөздер | [1][2][3] |
Сингониясы моноклиндік, призма формасында. Кристалдық бейнесі, тағы басқа түрлері де, жаратылысы да малахитқа ұқсас. Оптикалық оңқай; 2u = 68°, Ng=1 , 8 3 8 , Nm = 1,758, Np = 1,730.
- Жаратылысы. Азурит көбінесе малахиті бар парагенезисте кездеседі.
Азурит мыстың оттекті қосылыстарымен бірге металлургияда қорытылады. Ол көк бояу алу үшін химия өнеркәсібінде қолданылады. Кендері малахитпен бірге кездеседі.[5]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Handbook of Mineralogy
- ↑ Mindat.org
- ↑ Webmineral.com Webmineral Data
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |