[[File:Zea mays 'Ottofile giallo Tortonese' MHNT.BOT.2015.34.1.jpg|thumb|''Zea mays 'Ottofile giallo Tortonese''']]
[[Сурет:Field, corn, Liechtenstein, Mountains, Alps, Vaduz, sky, clouds, landscape.jpg|thumb|right|[[Лихтенштейн]]дегі жүгері алаңы]]
=== Жүгері үлпілдегінен жасалған шелпек. ===
[[Жұмыртқа]]ның ағын бөлек алып, әбден көпіргенше шайқайды, содан кейін <sup>3</sup>/<sub>4</sub> стақан қантқа жартылай ванилин ұнтағын қосып, жұмыртқа ағына жайлап себелей отырып араластырады. Бұған 2 стақан [[үлпілдек]], жуылып, кептірілген жарты стақан [[мейіз]] қосып, осылайша әзір болған қамырлы жақсылап май жағылған ыстық қаңылтыр табаға салып, онша қызбаған духовкаға 30—40 минут қойып, қызыл-күрең тартқанша пісіреді. Әзір болғанда, оны қалақпен алып, тәрелкеге салады. Оңтүстік аудандардың көпшілік жерінде жүгері ұны мен жармасынан ұлттық тағам әзірленеді. [[Молдавия]] мен [[Кавказ]]да жүгері ұнынан не оның майда жармасынан ''мамалық'' деген дәмді тағам жасайды. Ол үшін жүгері ұнын не жары асын суға қайнатып, әзір болған қою ботқаға сүт қосып жейді. Пісірілген ботқаны қалыңдығын 5—6 ем етіп орамалап, суытыл, кептіргеннен кейін нан орнына үзіп жейді. Жүгері жармасының ботқасы. Қайнаған суға не сүтке жарма сеуіп, отты жайлап жарып, үнемі араластыра отырып 20—25 минут қайнатады. Дастарқанға қояр алдында сары май қосады. 1 стақан жармаға 2 стақан су не сүт, жарты шай қасық тұз, әркім қалағанынша сары май мен қант қосады. Жүгерінің сүттеніп-балауызданып піскен собығын үй асханасында тәттіленген шағында жинап пайдаланады. Жүгерінің собығын тұзды суға қайнатып (1 —1,5 сағат пісіреді), піскен собықты ыстықтай дастарқанға қояр алдында, оған сары май жағады.
=== Май қосылып консервіленген жүгері. ===
Жүгеріні (тұтас дәнімен консервіленген) табаға не кастрөлге салып, қайнауына жеткізеді. Дастарқанға қояр алдында жүгеріні кепсермен сүзіп алып, май жағады.
1 банка консервіге 2 ас қасық сары май қажет. Қантты жүгеріден жасалған суп-пюре. Бір банкадағы (350 г) жүгеріні кепсермен сүзіл. суын ағызады да, дәнін ет тартқыштан өткізіп, кастрөлге салып, үш стақан су құяды. Жүгері пюресі бар кастрөлді отқа қайнағанша қояды. Осыдан кейін 2 ас қасық бидай ұнына 2 ас қасық сары май, ыстық сүт (2—3 стақан — дәмі татығанша) қосып, қайнауына жеткізеді де, бұған алдында әзірленген жүгері пюресін араластырып, 15—20 минут пісіреді. Дайын қоспаны електен езгілеп
өткізіп, ысытып, тұздап (дәмі татығанша), 2 ас қасық сары май қосады. Супты дастарқанға қоярда қуырылған нан не жүгері үлпілдегін салады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
== Дереккөздер ==
{{дереккөздер}}
<references/>
{{wikify}}
|